Әйтеке би аудандық орталық ауруханасы бойынша көрсетілетін 2017 жылға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі туралы

28.03.2017

Әйтеке би ауданының халқына тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 шілдедегі № 638 бұйрығының 71 тармағына сәйкес көрсетіледі. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражаты есебінен азаматтарға және оралмандарға ұсынылады және барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.

Әйтеке би орталық аудандық ауруханасының көрсетіп отырған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне:

1) жедел медициналық көмек;

2) амбулаторлы – поликлиникалық көмектің келесі түрлері:

- медициналық-санитариялық алғашқы көмекті;

- халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеріп-қараулар

(скринингтік зерттеулер)

- медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейінді мамандардың

жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын

амбулаториялық- емханалық көмек;

3) шұғыл айғақтар бойынша – жолдаманың бар-жоғына қарамастан, медициналық

санитариялық алғашқы көмек маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы

бойынша стационарлық медициналық көмек;

4) медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының немесе бейінді мамандардың

жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек (күндізгі стационар);

5) қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;

Әйтеке би аудандық орталық ауруханасының

бас дәрігері: Камбаров Ж.Б